БҚО ӘББ «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» МКҚК базасында 2019 жылдың 3 мамыр күні «Отанқорғаушы-2019» әскери-патриоттық байқауы өткізілді. Қала және облыстық  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасынан 21 оқу орнынан студенттер қатысты. Шараның мақсаты:

 1.Колледж студенттері арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту;

2.Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру;

3.Оқушылардың арасындағы достықты нығайту болды.

Бірнеше күн бойы шараға дайындалған тәрбиеленушілер жарыс барысында өздерінің саптық дайындықтан, кермеге тартылудан, мылтық ату, қаруды шашып, жинаудан шеберлігін көрсете білді. Байқау қорытындысында

І жүлде  Индустриальды колледжі

ІІ жүлде Жоғары агротехникалық колледжі

ІІІ жүлде  Ақпараттық және технологиялық колледжбен А.Иманов атындағы жол-көлік колледждері ие болды.

Шара қорытындысында жеңімпаздары кубокпен, медальдармен, грамоталармен марапатталды.

Видео сілтеме:https://youtu.be/yfkyDST7v_c