Қала әкімінің  Қала аумағын санитарлық тазалау жіне абаттандыру жөніндегі сенбілік күндерін  өткізу туралы 28 наурыз 2019 жылғы қала әкімділігінің Қаулысына орай  туған қаламыздың аумағын тазалау,  абаттандыру, күтіп ұстау мен санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында  2019 жылдың сәуір, мамыр айларының сенбі күндері қалалық сенбіліктер жоспарланған болатын.

Уикипедия ашық энциклопедиялық сайтынан алынған мәліметтерге сүйенсек, алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болған екен, ал ең алғашқы жаппай коммунистік сенбілік Мәскеу-Қазан темір жолында 1919 жылы 10 мамырда өткен. Сенбілік — Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Азамат соғысы жылдарында және қайтадан қалпына келтіру кезеңінде де жалғасын тауып, Социалистік жарыс түрінің біріне айналған.

          «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, осындай үлкен шараға атсалысу үшін, А.Иманов атындағы Жол-көлік колледжінің ұжымы әрбір сенбі сайын қалалық сенбіліктерге қатысып келеді. Сенбіліктер барысында көше бойлары мен тротуарларды, жол бойын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан, ағаштардан түскен жапырақтардан тазартып, жол жиегіндегі арықтарды қоқыстардан тазартып, қаланың абаттануына белсене араласты. Колледждің оқытушылар құрамы мен қызметкерлері тазалық жұмыстарын орындауға қажетті құрал-саймандармен жеткілікті қамтамасыз етілді.

Тұратын қаламызды, ауламызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Сенбіліктің мақсаты - тұрғындардың назарын қалада тазалықты сақтауға аудару мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, сондай-ақ, берілген аумақты жинаумен қатар,  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен  жауапкершілік сезімдерін ояту, ластамауға тәрбиелеу, үгіттеу, қалалық, тіпті жаhандық ластану проблемасына назар аударту.

       Ұжым қызметкерлері қала көшелерін тазалауға белсенді араласып жүрсе,  өскелең ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу  мақсатында, колледж ауласында әрбір топқа аймақ бөлініп беріліп, студенттер топ кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен, өздеріне бөлінген аумақтарда талдардан түскен жапырақтарды жинау, сыпыру, қоқыстарды шығару және  ағаштар мен бордюрлерді әктеу жұмыстарын орындады.

         Бұл жұмыстың мақсаты – ауламызды көркейту, экологиялық таза аймаққа айналдыру, жастарды колледжіміздің  тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу болып табылады.

        Осындай келелі істерді жұмыла орындай жүріп, колледж қызметкерлері болашақ мамандар даярлау ісіне де асқан жауапкершілікпен қарайды. Әрбір бүгінгі студент болашақтағы білікті мамандар екенін ескере отырып, білім мен тәрбиені қатар беріп жүрген оқытушылар қауымына алдағы қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!

 

 

Рахматуллина Гулмира Тайшыбаевна, арнайы пәндер оқытушысы