17 оку орындары арасында болған «Jastar Bilimge» атты  зияткерлік ойынында А.Иманов атындағы Жол-көлік колледжінін 3 курс түлектері бірінші орынға ие болды.

Бірінші іріктеу  кезеңінде Амангелді ұландары БҚАТУ студенттерімен интелектуалды ойынында кездесті.Бұл кезенде біз өзіміздің топтық жұмысымызбен бүкіл оқу орындарын тамсандырдық.

Жартылай финалда екі топтың басшыларына әртүрлі сұрақтар қойылған болатын.Бұл сайыста Амангелді ұландарының басшысы Орынғалиев Ермахан  Ж.Досмағамбетов атындағы пед.колледжінің топ басшысына қарсы шықты.Ойын барысында екі топтың ұпайы теңелген болатын. Жартылай финалдың өзгешелігі ол екі кезеңнен тұрады.Сол екінші кезеңінде жалғыз бір сұрақ қойылған болатын.Осы бір сұрақ қойылған кезде біздің топ арасында түсініспеушілік пайда болды,бірақ оған қарамастан тобымыздың белсендісі Гимранов Эльдар берілген сұраққа жалынды жауап берді. Осылайша біздер ойынның соңғы турына яғни финалға өттік.

Финалда біздің топ БҚИТУ командасымен кездесті. Бұл кезең өте күрделі болған еді. Осы жолы Нұр-Сұлтан қаласы,Орал қаласы және әлуметтік желіге байланысты сұрақтар қойылды.Бұл кезең қаншалықты қиын болсада біздің арамыздағы Кенжеғалиев Куанышбек аты ойыншы өзінің тапқырлығымен «Үздік ойншы» атағын иеленді.Осылайша біздер Амангелді ұландары өзіміздің топ арасындағы ұйымшылдығымыздың,біліміміздің арқасында жүлделі бірінші орынға ие болдық.

Осы сәтті пайдалана мен Амангелді ұландары тобының атынан А.Иманов атындағы Жол-көлік колледжінің  педагогикалық ұжымына колледж басшылысына, 13 топ кураторы Конутенко Людмила Александровнаға және колледж әдіскері Танбаев Азамат Сагитовичке мыңда бір алғысымызды білдіреміз.

                                                                                      Мухтаров Дильшат